Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

Тарих

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып халықты зейнетақымен қамсыздандыру реформасын жүзеге асырды. Зейнетақы реформасындағы басты оқиға халықтың ынтымақтастығына негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың таратып тұратын жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы жинақ ақшаларды көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақырындап өту болды.

Қалыптасау кезеңінде жаңа зейнетақы жүйесінің дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қор ерекше «жанама қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың ішіне барлық азаматтарды қосып алуға мүмкіндік берді және қандай да бір себептер бойынша зейнетақы қорын таңдау жөнінде дербес шешім қабылдай алмады. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Бірақ басқа да мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы нарығының дұрыс және бәсекелес қатысушылары бола отырып, 2003 жылға дейін ГНПФ бұл мәртебені бермеді. Сосын екі жыл өткесін 2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деген ресми атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті, бас әріптері үшін бұрынғы мазмұнын сақтамайды. ГНПФ халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны құру жөнінде өзіне жүктелген тарихи миссияны орындады.

Бүгінде ГНПФ – көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша жетекшілік позициясы бар еліміздегі бірден-бір ірі зейнетақы қоры.

Тарих күндерінде:

  • 1997 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы дайындалып қабылданды, онда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ құру қарастырылған.
  • 1997 жылғы 20 маусым - Қазақстан Репсубликасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.
  • 1997 жылғы 24 қыркүйек – ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы жарық көрді.
  • 1998-2002 жылдар – ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдап анықтамаса және шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналар жұмыс берушілермен ГНПФ аударылады.
  • 1998 жылы Қазақстанның өңірлерінде Қордың өкілдіктері белсені қалыптастырылып және желілері дамытылды.
  • 1998 жылғы 19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына алғашқы зейнетақы жарнасы түсті. 
  • 1999 жылғы 11 тамыз – ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғаш лицензия алды.
  • 2003 жылы ГНПФ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларымен тең құқық иеленді. Инвестициялық мүмкіндіктер бойынша шектеу алында, «Жанама қор» мәртебесі жойылды. 
  • 2004 жылғы 13 қыркүйекте сапа жүйесін сертификаттау саласындағы жетекші халықаралық агенттіктердің бірі «Moody International» ГНПФ ISO 9001:2000 стандарт сапа менеджмент жүйесі сертификатын тапсырды.
  • 2004 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірге ГНПФ акционері болды.
  • 2005 жылы ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет жанындағы Қазақстанның Қаржыгерлер Ассосиациясының Қазақстандық IT – компания ассосиациясы ГНПФ «Лицензияланбаған бағдарламалық қамсыздандырудан бос орын» №1 сертификатын берді
  • 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзінің атауын «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті.
  • 2005 жылғы қарашада Брюсселде (Бельгия) ГНПФ Қазақстан Республикасының зейнетақы секторын дамытуға (капиталды басқару) үлес қосқаны үшін «EuroMarket Award» сыйлығы тапсырылды.
  • 2005 жылғы 25 қарашада Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі ГНПФ акционерлік капиталына кіру ниеті туралы Меморандумға қол қойылды.
  • 2006 жылғы қаңтардан бастап салымшылардың мүдделерін жетекшілікке ала отырып, ГНПФ баплық зейнетақы қорларының арасында бірінші және дара болып зейнетақы активтері бойынша төленетін комиссиялық сыйақы сомасын 0,0475 %  төмендетті.
  • 2007 жылғы 31 мамырда Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына енді.
  • 2007 жылғы шілдеде Қор ISO 9001: 2000 стандарт талаптарына сәйкес менеджмент сапа жүйесін ре-сертификациялауға арналған аудитті табысты өткізді.
  • 2007 жылғы тамызда Қазақстанның қор биржасы KASE ГНПФ 2006 жылғы қорытындысы бойынша банктік емес брокерлік және/немесе диллерлік ұйымдар арасында биржалық бағалы қағаздар лидері деп таныда.
  • 2008 жылғы желтоқсан  "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық талаптарына сәйкес келуін бақылау аудиті табысты өтті.
  • 2008 жылғы желтоқсан - 2009 жылғы қаңтар - Қордың жарғылық капиталы 5 есе өсіп, 5 012 770 862 теңгені құрады.

 

  • 2010 жылдың 8 айы ішінде ГНПФ "таза" инвестициялық кірісі 14 845 668 мың теңгені құрады, бұл абсолюттік мәнде Қазақстан Республикасының барлық ЖЗҚ арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады

 

1997 – 1999 жж.: Сүлейменов Серік Жүсіпұлы, Бас директор

1999 - 2000 жж.: Сұлтанқұлов Ерік Ахметханұлы, Бас директор

2000 – 2002 жж: Сүлейменов Серік Жүсіпұлы, Бас директор

2002 - 2006 жж.: Құрманов Жанат Бостанұлы, Бас директор

2006  - 2009 жж: Секенов Алғазы Серғазыұлы, Басқарма Төрағасы

2009 - қазіргі уақытта: Медеушеева  Долорес  Таировна, Басқарма Төрағасы