Интернет-көшірімПошта
Сайт бойынша іздеу үшін кілт сөзіңізді енгізіңіз:
Валюта курсы5 Қыркуйек 2010
Ауа райы5 Қыркуйек 2010
|
![]() "ГНПФ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
Басты > Қор туралы > Акционерлер
Акционерлер
«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор, «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы №668 қаулысын іске асыру мақсатында 2009 жылғы 12 маусымдағы №65 қабылдау-тапсыру кесіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меншігіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесіл 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз) бірлік жай акцияларын тапсырғанын хабарлайды, бұл Қордың орналастырылған акциялары жалпы санының 20,7373 пайызын құрайды.
Үлесі - 90,01% акция Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Республикамыздың орталықтандырылған банкі болып табылады және банктік жүйенің жоғарғы (бірінші) деңгейін көрсетеді. Оның реттейтін және қадағалайтын қызметтері Қазақстан Республикасының ақшалай-кредиттік жүйесінің тұрақтылығын қорғауға, банк кредитерлерінің, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.
Үлесі - 9,99% акция. 1991 жылы құрылған Еуропаның Қайта құру және Даму Банкіне 60 ел және екі халықаралық ұйымы иелік етеді. Оның инвестициялық құралдары 29 елдегі нарықтық экономика мен демократияны қалыптастыру мақсатында пайдаланылады. Қазіргі таңда Банк ГНПФ қызмет бағыттары бойынша оның бұдан әрі дамуына грант бөле отырып техникалық қолдау көрсетеді.
|