Интернет-көшірімПошта
Сайт бойынша іздеу үшін кілт сөзіңізді енгізіңіз:
Валюта курсы5 Қыркуйек 2010
Ауа райы5 Қыркуйек 2010
|
![]() "ГНПФ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
Басты > Қор туралы > Ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технологияларНарықтағы бәсекеге қабілеттілікті көтеріп, ГНПФ салымшыларына көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделділігін жақсарту үшін өзінің бағдарламалық-техникалық кешенін тұрақты түрде жақсартып жаңартып отырады. Қор қызметтері ГНПФ арнайы тапсырмасы бойынша әзірленген автоматтандырылған ақпараттық жүйеде негізделген. Біз өз жұмыс барысымызда қызметтеріміздің сапасын, сондай-ақ ақпараттардың сақталуын қамсыздандыру үшін әлемдік нарықты бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ететін Sybase, Hewllett-Packard, Reuters, Bloomberg, Cisco, Microsoft, Norton секелді ірі өндірушілердің өнімдерін пайдаланамыз. ГНПФ өз филиалдарының операциялық жұмыстары үшін Frame Relay хаттамасы бойынша бөлінген байланыс арналар базасында бірегей желісін құрды. Дерекқордағы ақпараттарға кіру және оларды өңдеу ақпараттар берудің жоғарғы жылдамдығын, сапасын және құпиялығын қамтамасыз ететін on-line жүйесінде жүргізіледі. Болашақта интегралданып автоматтандырылған ақпараттақ жүйені ендіру жөніндегі жаңа жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба тәуекелділікті басқару, салымшылардың зейнетақы активтерін есепке алу, ақпараттық қауіпсіздік пен қаржылық қызметтердің танымалдығын көтеру секелді қызметтер саласындағы Қор жұмысын жетілдіруге негізделген. Қордың барлық қызметтерін ұйымдастыру іс жүргізудің автоматтандыру жүйесін пайдалана отырып электронды құжат айналымға негізделген. Қордың өңірлік өкілдіктері, филиалдары мен агенттік пункттер, сонымен қатар байланыс желілерінің дәстүрлі құрал-жабдықтары жаппай жоғары сапамен және хабарлама жылдамдығымен ерекшеленетін IP-телефондар технологияларын пайдаланады. |