Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

ЕЖЖ жөніндегі қызметтер

Сіз міндетті зейнетақы жарналарынан басқа ерікті зейнетақы жарналарын жүргізуге құқығыңыз бар. Сіз оларды дербес түрде өзіңіз енгізе аласыз немесе Сіздің жұмыс берушіңіз ол жарналарды Қорда ашылған Сіздің жеке зейнетақы шотыңызға аудара алады.

Ерікті аудару есебінен жиналған жинақ ақшаларыңыз Сіз үшін болашақта қосымша табыс көзі бола алады.

Ерікті зейнетақы жарналары – бұл салымшының өз бастамасы бойынша алушының пайдасына Қорға енгізетін ақшалар. Олардың мөлшері, төлеу тәртібі және кезектегі төлеуі ерікті зейнетақы жарналар есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы тараптардың келісім-шарты бойынша белгіленеді.

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары алушының пайдасына өз меншікті қаражат есебінен оларды аударатын жеке немесе заңды тұлғалар бола алады.

Міндетті зейнетақы жарналарынан өзге ерікті зейнетақы жарналары басқа тұлғалардың пайдасына аударылуы мүмкін, ал олардың түсімі негізінде құралған жинақ ақшаларды шетілдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалардан басқа Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шегінен тұрақы тұрғын орнына кету кезінде ала алады.

Ол үшін ГНПФ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасап, Қордың таяу арадағы филиалына («Бізді қалай табады» тарауына белсенді сілтеме) хабарласуыңыз қажет және мынадай құжаттар тізімін бересіз:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • әлеуметтік жеке код (ӘЖК);
  • салық төлеушінің тіркелу нөмері (СТН);
  • болған кезде – жеке бірегейлендіру нөмері (ЖБН).

Ерікті зейнетақы жарналар есебінен Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы мынадай тұлғаларға шығады:

  •  55 жасқа жеткендер;
  • мүгедек болып табылатын;
  • ҚР шегінен тұрақты тұрғын орнына кететін немесе шығатын шетелдіктер және ҚР заңнамасымен анықталып, кету ниетін немесе фактісін растайтын құжаттарды бергендер

Сонымен қатар, міндетті зейнетақыны жөніндегі жинақ ақшалар, ерікті жарналар жөніндегі жинақ ақшалар мирасқор бола алады.