ЕКЗЖ жөніндегі қызметтер
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары – бұл кәсіп тізімдер бойынша қызметкерлердің пайдасына салымшылардың өз бастамалары бойынша Қорға енгізетін ақшалар, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартымен белгіленген тәртіпте ҚР Үкіметімен анықталады.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары (ЕКЗЖ) еңбек қызметтері зиянды, ауыр және қауіпті еңбек талаптарымен байланысқан қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және лайықты зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында заңнамамен қарастырылған. Зейнетақы жарнасының осы түрі меншікті қаражат есебінен қызметкердің пайдасына жұмыс берушімен аударылады. Олардың мөлшері тараптардың ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартымен белгіленеді және қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте, ЕКЗЖ есетеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте анықталады.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдер құқығын иеленетін тұлғалар:
-
50 жасқа жеткендер;
-
ҚР шегінен тұрақты тұрғын орнына кететін немесе шығатын шетелдіктер және ҚР заңнамасымен анықталып, кету ниетін немесе фактісін растайтын құжаттарды бергендер
-
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақ ақшалары бар тұлғалардың мұрагері.
