Интернет-көшірімПошта
Сайт бойынша іздеу үшін кілт сөзіңізді енгізіңіз:
Валюта курсы5 Қыркуйек 2010
Ауа райы5 Қыркуйек 2010
|
![]() "ГНПФ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
Басты > ЖЗЖ туралы > Қысқаша ақпарат
Қысқаша ақпаратҚазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты және жинақтаушы жүйе механизмдерін бір мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады: Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға мирас болып қалған және «ұрпақтың ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйе, онда зейнетақы төлем көздері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік бюджет атқарады. Зейнетақы төлем мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың зейнет төлемдері реттестіріледі. Ынтымақтастықты жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылды және дамытылып жатыр. Екінші деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Үшінші деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе. Отандық зейнетақы жүйесін қайта жасау ұзақ мерзімді сипаттама алады: Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық өту 2040 жылға дейін деп болжануда. Зейнетақы жүйесінің қазақстандық үлгісі мынадай қағидаларға негізделеді: - салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдау құқығын беру; - жүйеге барлық жұмыс істейтін халықтың міндетті түрде қатысуы; - зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандырудың басқа формаларын шектеу; - салымшылардың зейнетақы жинақ ақшасының дербестендірілген есебі алынады, егер: - зейнетақымен қамсыздарылуға құқығы бар әрбір адамға әлеуметтік жеке код иелену және салымшының иеленген әлеуметтік жеке кодына сәйкес зейнетақы жарналарын бұдан әрі аудару; - зейнетақы жарналарын есептеу және жеке зейнетақы шоттарында қалыптасқан жинақ ақшаларын сақтау - зейнетақы жинақ ақшаларын сақтау кепілдік мыналар есебінен: - салымшының зейнетке шығу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі зейнетақы жинақ ақшасының сақталуына мемлекет кепілдігі; - жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына немесе алушыларына зейнетақы жинақ ақшасының жағдайы туралы ақпараттарды міндетті түрде беру - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың қызметтерін мемлекеттік реттеу (жинақтаушы зейнетақы қор (ЖЗҚ), кастодион –банк және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдар (ЗАИБҰ)), ЖЗҚ, ЗАИБҰ, кастодион – банктерді лицензиялау және пруденциалды реттеу, қаржылық және статистикалық есеп беру негізінде олардың қызметтер мониторингі, сондай-ақ, жылдық қаржылық есеп берудің жыл сайынғы аудиті, зейнетақы активтерін басқару және әртараптандыру жөніндегі талаптарды орындау үшін міндетті ендіру. - кастодион – банктердегі ақшаларды және бағалы қағаздарды сақтау, ол ЖЗҚ немесе ЗАЙБҰ аффилиирленуі мүмкін емес - зейнетақы активтерінің нысаналы орналасуын кастодион – банкпен бақылау - жинақтаушы зейнетақы қорларындағы меншікті және зейнетақы активтердің дифференцированды есебі - салымшының, ЖЗҚ, кастодион – банк және ЗАЙБҰ қарыздары бойынша зейнетақы активтеріне төлем өндіріп алудың мүмкінсіздігі, ликвидация немесе банкроттық жағдайларды қоса алғанда;
Бұдан өзге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту кезеңі ішінде мемлекет зейнетақы реформасы басталғанға дейінгі еңбек өтілімі бар азаматтардың алдындағы міндеттемелерді алады, сондай-ақ, инфляция деңгейін есепке ала отырып, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы алуға арналған зейнеткердің құқығына және алынатын мөлшердің сақталуына кепілдік береді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халыққа қызмет ете отырып, зейнетке шыққаннан кейін өз кірісінің деңгейінде дербес жауапкершілік алуға міндеттенеді, сонымен қатар, зейнетақы төлем көздері ретінде жеке зейнетақы шотында қалыптасқан жинақ ақшалары болады. Бұдан өзге, әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинақ ақшаларын ұлғайтатын және еңбек қызметтерін аяқтағаннан кейін өзін неғұрлым жоғарғы табыспен қамтамасыз ететін мүмкіндіктер беріледі (үшінші пиллар). Зейнетақы жүйесінің бұдан әрі бүтіндей қызмет етуі мынадай маңызды әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге қолғабысын тигізетін болады: - зейнет жасындағы азаматтардың әлеуметтік қамсыздануы жөніндегі міндеттемелер бөлігін мемлекет пен салық төлеушілерден алу - салымшылардың еңбек қызметтері ішінде олардың еңбек жалақысын, зейнетақы жарналарын төлеудің ұзақтығын және зейнетақы жинақ ақшаны инвестрлеудің тиімділігін есептей отырып, олар зейнет жасына жеткеннен кейін зейнетақымен қамсыздандырылуының неғұрлым тиімді және әділ жүйесін қамтамасыз ету - отандық зейнетақы қорларын дамыту - халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін көтеру.
Қазақстан бүгінде - көп салалы зейнетақы жүйесімен 10 жыл ішінде салымшылардың меншігінен ірі отандық капитал құрған ТМД территориясындағы бірегей мемлекет. |