Интернет-көшірімПошта
Сайт бойынша іздеу үшін кілт сөзіңізді енгізіңіз:
Валюта курсы5 Қыркуйек 2010
Ауа райы5 Қыркуйек 2010
|
![]() "ГНПФ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
Басты > ЖЗЖ туралы > Тарих
ТарихҚазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды. Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды. Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің шарттарында инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының өзгеруімен және туылудың қысқару нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің жеделдеуімен байланысты болды. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады. Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел. Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу. Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды: әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі даму белестері: 1997 жыл: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. ГНПФ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру. 1998 жыл: Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру. 19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына ГНПФ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті. 1998-2002 жылдар: ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен ГНПФ аударылады. 1999 жыл: ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды. 2003-2004 жылдар: Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру. Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды; Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді; Міндетті жинақтаушы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіктері күшейтілді; Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді; Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды. 2006 жыл: «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды. Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру 2007 жыл: Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы ГНПФ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді. |