А -Е
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иелене алатын (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:
1. Aшық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам дауыс беретін пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;
2. Aшық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға немесе заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақталған қаражаттарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етiлуi;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қағам туралы» заңы
Аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмге ықпал етуге, соның iшiнде жасалған мәмiлеге орай, мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Ең төменгі зейнетақы - тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгi мөлшерi;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
