Ж - М
Жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК», жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақы төлемдерін алушы - «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК» зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы және (немесе) алушы жасасатын шарт;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Зейнетақы төлемдері:
1. «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК» - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК» зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар - уәкілетті мемлекеттік органдар;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Мінсіз іскерлік бедел - кәсібилікті, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын фактілердің болуы;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне пайыздық қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-I «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңмен белгiленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;