1. ГНПФ неге Сіздің таңдауызға лайықты
Сіздің болашағыңыз Сіздің бүгінгі қабылдаған шешімдеріңізге тәуелді. ГНПФ Сізбен бірге бұл туралы қам жасайды! ГНПФ 2,5 млн. астам адамға қызмет етіп сенімдерін ақтады, себебі:
-
ГНПФ салымшылар саны, зейнетақы жинақ ақшалары мен төлемдері секілді көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша көшбасшылық позициясымен жинақтаушы зейнетақы қорлар арасында жетекші үштікке кіреді.
-
ГНПФ өз миссиясына «Әрбір салымшының қаржылық ауқаттылығын қамтамасыз ету және зейнетақы жинақ ақша мәдениетін көтеру, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету» мақсатын қойды.
-
ГНПФ Қазақстанның барлық өңірлерінде барлық халық үшін өз қызметтерінің сапасы мен қол жетімділігін көтеруге тұрақты түрде тырысады.
-
ГНПФ халықтың өзіне сеніп тапсырған зейнетақы жинақ ақшасын, сондай-ақ, оларды сенімді инвестициялау жолымен арттыра түсуін қамтамасыз етеді.
-
ГНПФ жарғылық капиталына мемлекеттік органдар мен халықаралық қаржылық ұйымдардың қатысуымен бірегей Қор болып, бұдан әрі тұрақты және сенімді дамуы үшін серпінді әлеуетпен ықпал етеді.
