3. ГНПФ жинақ ақшаны қалай аударады
ГНПФ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт («Қалай біздің салымшымыз боласыз» тарауына белсенді сілтеме) жасап және біздің салымшымыз болғасын бұрын жинақталған жинақ ақшаларыңызды аударуды естен шығармаңыз. Бұл үшін Сізге мынадай құжаттар тізімімен Сіздің ақшаларыңызды сақтаған бұрынғы қорыңызға хабарласуыңыз қажет:
-
зейнетақы жинақ ақшасын аудару туралы өтініш;
-
жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және оны байқап көру үшін түпнұсқасы.
Егер Сізде жеке хабарласатын мүмкіндер болмаса, Қор Сізге өз агенттері арқылы зейнетақы жинақ ақшаларын аудару жөнінде қызметтер көрсетеді, ол Сіздің сенімді тұлғаңыз болады. Мұндай жағдайда Сізге қор ретінде ГНПФ көрсете отырып, зейнетақы жинақ ақшаңызды аудару туралы өтінішпен хабарласуға нотариалды рәсімделген сенімхатты сенімді тұлғаға беру қажет, сонда барып зейнетақы жинақ ақшаңызды аудару жүзеге асырылады. Сіздің жинақ ақшаңызды аудару үшін бұрынғы ЖЗҚ мынадай құжаттар беріледі:
-
белгіленген нысанда зейнетақы жинақ ақшаны аудару туралы өтініш;
-
зейнетақы жинақ ақшаны аудару туралы өтінішпен хабарласуға арналған нотариалды рәсімделген сенімхаттың көшірмесі және салыстыру үшін оның түпнұсқасы;
-
салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
-
сенім артқан тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және салыстыру үшін оның түпнұсқасы.
Назар аударыңыз:
-
міндетті зейнетақы жарна шотынан рәсімделген зейнетақы жинақ ақшасын аудару болған кезде: зейнетқымен қамсыздандыру туралы шарт талап етілмейді;
-
ерікті, ерікті кәсіби зейнетақы жарна шотынан рәсімделген зейнетақы жинақ ақшасын аудару болған кезде: алушы-қормен зейнетқымен қамсыздандыру туралы шарт көшірмесі қажет;
- салымшының (алушының) тегі, аты, әкісінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттардың (неке туралы, некені бұзу туралы куәлік және өзге де құжаттар), ӘЖК иеленгені туралы куәліктің көшірмелері және оларды салыстыырп қарау үшін түпнұсқалары қажет. Сенімді тұлға арқылы жоғарыда аталған құжаттарды өткізген кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері қажет.
