4. Не туралы есте сақтау қажет
Егер Сіз біздің салымшымыз болсаңыз біз Сізге өз қызметтеріміздің толық кешенін көрсететін боламыз. Шынайы сапалы қызметтерімізді алу үшін Сізге мынадай жайттарды есте сақтау қажет:
-
Деректемелеріңіздің өзгергені туралы ГНПФ хабарлауға (Аты-жөні, ақпараттандыру үшін мекен-жай, ӘЖК және т.б.). Сіздің деректеміңізге өзгерту енгізу туралы (тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде) және туылған күнін міндетті түрде көрсете отырып), жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін қосып, сондай-ақ, өзгертулерді растайтын құжаттарды Сіз поштамен жіберуіңізге немесе ГНПФ таяу арадағы филиалына немесе агенттік пунктіне жекелей хабарласуыңызға болады. Бұл Сіздің жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді-көшірмені жыл сайын уақытылы алуыңызға мүмкіндік туғызады.
-
Егер Сіздің ГНПФ жасаған зейнетақы шотыңызда үзінді-көшірмені беру әдісі көрсетілмесе, Сізге зейнетақы жинақ ақшаңыздың жағдайы туралы ақпарат беру әдісі туралы келісім жасауыңыз қажет. Келісім жасау Сізге ақпараттандыру формасының неғұрлым қолайлы толығырақ мүмкіндіктерін береді: пошта байланыс қызметі арқылы, ГНПФ жеке хабарласқан жағдайда электронды пошта арқылы. Келісім жасау үшін Қорға хабарласқан жағдайда Сізге өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы қажет: жеке басын куәландыратын құжат, ӘЖК, ЖБН (болған кезде).
Қор салымшылар мен алушыларға жылына бір мәрте, сондай-ақ, кез-келген сұратқан күнінде олардың зейнетақы жинақ ақшасының жағдайы туралы ақпарат береді. Қор ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда өткен жыл ішіндегі зейнетақы жинақ ақшасының жағдайы туралы салымшыға (алушыға) ақпарат жіберуді жүзеге асырмайды немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген ақпараттандыру мекен-жайы өзгерген туралы Қор салымшыға (алушыға) хабарлайды.
