Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

1. Зейнет жас. Мүгедектік

Міндетті зейнетақы жарна (МЗЖ) есебінен жасалған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мынадай жағдайларда мүмкін:

  • егер Сіз зейнет жасына жеткен болсаңыз: ерлер – 63 жас, әйелдер – 58 жас;
  • егер Сіз 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және ең жоғарғы радияциялық қатерлі аймақтарда кем дегенде 10 жыл тұрған болсаңыз, Сіздің зейнет жасыңыз мына үлгілермен анықталады: ерлер – жалпы жұмыс өтілі 25 жыл болған жағдайда 50 жасқа жетсе, әйелдер – жалпы жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл болған жағдайда 45 жасқа жетсе;
  • 5 және одан көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер үшін 53 жас;
  • егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектер.

Қажетті құжаттардың тізімі:

  • Белгіленген нысанмен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш;
  • Алушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және оны салыстырып байқау үшін түпнұсқасы;
  • Төлем тағайындау негіздемесін көрсете отырып, МЗТО филиалы (бөлімшесі) берген зейнетақы және жәрдемақы алушының куәлігінің көшірмесі және оны салыстырып байқау үшін түпнұсқасы (зейнет жасына жеткен тұлғалар: әйелдер – 57 жас, ерлер – 63 жас зейнеткерлік куәліктерін бермейді);
  • Кесте бойынша зейнеткерлік төлемдерді жүзеге асыру туралы зейнеткерлік шартқа қосымша келісім;
  • МЗТО зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт.

Назар аударыңыз:

Зейнеткерлік төлемдерді жүзеге асыруға арналған өтінішті Қорға өткізу рұқсат етіледі;

  • пошта байланыс құралдары арқылы: құжаттар пакетіне алушының жеке басын куәландыратын құжатының нотариалды расталған көшірмесі салынады;
  • сенімді тұлға арқылы: құжаттар пакетіне алушының жеке басын куәландыратын құжатының нотариалды расталған көшірмесі салынады, сондай-ақ, нотариалды рәсімделген сенімхаттың түпнұсқасы немесе олардың нотариалды расталған көшірмесі (егер сенімхат бірнеше ұйымдарда бір уақытта сенім берушінің мүдделерін беру жөніндегі өкілеттілігі бар болса), сенім берген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және оны салыстырып байқау үшін түпнұсқасы.

Зейнетақы тағайындау туралы расталған өтінішті Қорға өткізу сенім артқан тұлға жеке хабарласқан жағдайда жүзеге асырылады.

Қор зейнеткерлік жинақ ақша төлемдерін төлеу сәтінде іс әрекет етіп жатқан ҚР заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакетін қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырады.

Алушы өз таңдауымен белгіленген кесте бойынша зейнеткерлік төлемдер немесе зейнеткерлік жинақ ақшасы есебінен зейнеткерлік аннуитет шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдер түрінде Қордан зейнеткерлік жинақ ақшаларын алуға құқығы бар.