2. ҚР шегінен ТТО кету
ҚР шегінен тұрақты тұрғын орнына кететін немесе шығатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар міндетті зейнетақы жарна (МЗЖ) есебінен жасалған өз зейнеткерлік жинақ ақшаларын алуға құқығы бар.
Шетелге шығушылар мен азаматтығы жоқ тұлғалар мынадай құжаттар тізімін беруі тиіс:
-
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
-
Алматы, Астана облысының, қалаларының Көші-қон Басқармасы бастығының немесе орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды), тұрақты тұрғын орнына шығу туралы «ТТВ» сериялы, ҚР рұқсатнамасымен азаматтығы жоқ тұлғалардың төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы;
-
салымшының ГНПФ жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты.
Шетелге шығушылар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға сенімді тұлғалар арқылы құжаттар өкізу кезде. Сенімді тұлға Қорға мынадай құжаттар тізімін береді:
-
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
-
өзге халықаралық шарттармен белгіленген, Қазақстан Республикасымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, нотариалды расталған (егер нотариалды куәлік тұратын мемлекетінде жүргізілсе) және заңдастырылған, азаматтығы жоқ тұлғаның төлқұжаты немесе жеке кәлігінің көшірмесі,
-
сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы;
-
сенімхат түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі (егер сенімхат бір уақытта бірнеше ұйымда сенім берушінің мүддесін беру жөнінде өкілеттілігі бор болса);
-
салымшының ГНПФ жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы сенімді өтінішті Қорға өткізу сенімді тұлға жеке хабарласқан жағдайда жүзеге асырылады.
Шетел адамына шыққандар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қорға жеке хабарласқан жағдайда мынадай құжаттарды беруі тиіс:
-
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
-
азаматтығы жоқ тұлғалар төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесін және салыстырып байқау үшін түпнұсқасын;
-
көші-қон карточкасының көшірмесін және салыстырып байқау үшін түпнұсқасын (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көші-қон карточкасын бермейтін тұлғаларды қоспағанда);
-
салымшының ГНПФ жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті пошта байланыс құралдары арқылы өткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ, алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішіндегі қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі).
Өзге халықаралық шарттармен белгіленген, Қазақстан Республикасымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, ҚР шегінде нотариалды расталған құжаттар жарияланған болуы тиіс.
Құжаттар тізімі әрбір жағдайда жекелей қаралады.
