3. Мұрагерлік. Жерлеуге арналған төлемдер
Мұрагерлік тәртібінде зейнеткерлік жинақ ақша төлемдері зейнетақы заңнамасымен реттеледі, оған сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ ақша мұрагерлікке қалады. Мұрагерлік тәртібінде зейнетақы жинақ ақшасын алу үшін мұрагер (лер) мына құжаттарды береді:
-
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
-
мұрагердің (лердің) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
-
салымшының өлгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
-
мұрагерлікке құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі.
-
Мұрагерлікке қалатын мүліктің бөліктері болған жағдайда мынадай құжаттар қосымша болуы тиіс:
1) мұрагерлікке құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі және мұрагерлікке қалатын мүліктің бөлігі туралы келісім;
2) немесе заңды күшіне енген сот шешімі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті пошта байланыс құралдары арқылы өткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ, алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішіндегі қолы нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі).
Зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішімен сенімді тұлға хабарласқан жағдайда сенімді құжаттар пакетіне нотариалды рәсімделген сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды расталған көшірмесі (егер сенімхат бір уақытта бірнеше ұйымда сенім берушінің мүддесін беру жөнінде өкілеттілігі бор болса), сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы қосымша берілуі тиіс.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы сенімді өтінішті Қорға өткізу сенімді тұлға жеке хабарласқан жағдайда жүзеге асырылады.
Өзге халықаралық шарттармен белгіленген, Қазақстан Республикасымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, ҚР шегінде нотариалды расталған құжаттар жарияланған болуы тиіс.
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді шегергенде, мұрагерлікке қалатын сома инвестициялық кірісті есептеудің соңғы күніндегі зейнетақы жинақ ақша сомасына тең болады.
Алушының отбасынан немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлға қайтыс болған жағдайда Қор 15 айлық есептік көрсеткіш шегінде жерлеуге арналған бір жолғы төлем төлейді, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспауы тиіс.
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттарды беруі тиіс:
-
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
-
қайтыс болған алушы отбасының немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі және және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
-
алушының өлгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
Қор зейнетақы төлемдерін құжаттар пакетін толық алған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырады.
