2. Бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшысы болуға бола ма?
ҚР заңнамасына сәйкес болмайды. Ол ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 22 бабымен белгіленген, яғни, «Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді».
