Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

6.Міндетті зейнетақы жарна салымшыларының және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылардың қандай құқықтары бар?

ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 27 бабы міндетті зейнетақы жарна салымшыларына және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушыларға мынадай құқықтар береді:

1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тандауға;

2) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;

3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;

5) төлемдердi жүзеге асыру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алуға;

6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен аударуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;

9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;

10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.