Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

7.Міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларына және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушыларға қандай міндеттемелер бекітілген:

ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 27 бабы міндетті зейнетақы жарна салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар үшін мынадай міндеттемелерді анықтайды:

1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;

2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға;

3) ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;

4) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.