Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

12.Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін алуға болады?

ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 23-1 бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері мына адамдарға есептеледі:

- елу бес жасқа толған;

- мүгедектер;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдар.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады (ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 23-3б. 6т.) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.