14.Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден кімдер босатылады?
ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 22 бабының 3 тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден мынадай адамдар босатылады:
- еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда;
- төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар: еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде;
- 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда;
- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екенші топтағы мүгедек адамдар;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызмет ететін, ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған; ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 61 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдер тағайындалған адамдар.
