«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның корпоративтік басқару үшін жауапты адамдары
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ корпоративтік басқарылуына жауапты тұлғалар
1. «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ акционері - «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» ММ
2. Директорлар кеңесі:
Ғалиева Дина Төлеубекқызы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, акционер мүддесін білдіретін өкіл ретінде;
Герасименко Юрий Викторович – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының кеңесшісі, акционер мүддесін білдіретін өкіл ретінде;
Медеушеева Долорес Таирқызы – «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрайымы;
Амангелдинова Гүлжан Серіктайқызы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті Шарт-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы, акционер мүддесін білдіретін өкіл ретінде.
3. Тәуелсіз директорлар:
Ильясова Альфия Рафгатқызы – «Менеджмент жүйелерін дамыту орталығы» ЖШС атқарушы директоры;
Мұсаева Күлбану Серікқажықызы – «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ Бас директоры
4. Қор Басқармасының құрамы:
Медеушеева Долорес Таирқызы – Басқарма Төрайымы
Қабденов Талап Қабденұлы – Басқарушы директор
Мүсірәлиев Дәурен Әбубәкірұлы – Басқарушы директор
Ерденаев Руслан Серікұлы – Басқарушы директор
5. «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ Ішкі аудит қызметі:
Ішкі аудит қызметінің бастығы – Кенышпаева Ләззат Амангелдіқызы.
6. «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ корпоративтік хатшысы
Меделбекова Ақмарал Мұратқызы
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ корпоративтік басқарылуына жауапты тұлғаларға өтініш білдіру тәртібі
-
ГНПФ корпоративтік басқарумен байланысты заңды және жеке тұлғаларда (бұдан әрі – мүдделі тұлға) «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ өтініштер (сұратулар) туындаған кезде, мүдделі тұлға мынадай мекенжай бойынша: 050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әуезов к-сі, 82, Қордың Басқарма Төрайымының атына жазбаша нысанда өтініш (сұрату) жібереді.
-
Келіп түскен өтініштердің (сұратулардың) мазмұнын Корпоративтік хатшы Басқарма Төрайымына немесе Директорлар кеңесінің Төрайымына баяндайды, шағым кімге жіберілгеніне қарай.
-
Қажет болған жағдайда, Корпоративтік хатшы мүдделі тұлғалардан өтініштерді (сұратуларды) қарау үшін қажетті қосымша құжаттарды, оларды ұсыну мерзімдерін көрсетіп, сұратуға құқылы. Сұратылған құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда, Корпоративтік хатшы өтініштерді (сұратуларды) қолда бар құжаттардың негізінде қарауға, немесе өтініштерді (сұратуларды) қараудан негізделген бас тарту жіберуге құқылы.
-
Басқарма Төрайымы сұратудың сипатына қарай, оны Қордың корпоративтік басқарылуына жауапты тұлғаға жібереді.
-
Сұратулар жазбаша түрде қабылданады, сұратудың мәні ашық көрсетіледі.
-
Ұсынылған сұратуды растайтын құжаттардың көшірмелері сұратуға қоса тіркелуге тиіс.
-
Сұратуда тұлға туралы мынадай ақпарат болуға тиіс:
- фамилиясы, аты, әкесінің аты – жеке тұлға үшін;
- толық атауы – заңды тұлға үшін;
- жауапты қайтару үшін заңды/нақты мекенжайы.
Сұратуда мүдделі тұлғаның фамилиясы (ұйымдар үшін – атауы), пошталық мекенжайы және қолы болмаған жағдайда Қор оларды қарауына қабылдамайды.
8. Сұратуларды қабылдау мен тіркеу, Қордың іс жүргізу бойынша ішкі нормативтік құжаттарымен көзделген жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
