Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры
Валюта курсы
6.02.2012
USD
148.14
EUR
203.29
RUR
4.88

Құрметті Салымшылар (Алушылар)!

      Республикамызда жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) күшіне енуінің мерзімі ұзартылды. Жеке басты куәландыратын құжаттар - бұл жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі - ЖСН тасымалдаушы құжаттар болып табылады. 

1997 жылға дейін берілген барлық жеке басты куәландыратын құжаттар ауыстырылуға жатады. Бұл жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін берілген құжаттарда жеке сәйкестендіру нөмірлерінің болмауына байланысты. 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады, сондықтан Сізде, Қорға міндетті зейнетақы жарналарын, төлемдерін, аударымдарын аударумен, банктік шоттарды ашу және жүргізумен, жылжымайтын, жылжитын мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын заттарға теңестірілетін басқа да объектілерді мемлекеттік тіркеуге байланысты және т.б. қиындықтар туындауы мүмкін.

      Бұл талап құжаттарында ЖСН жоқ азаматтардың барлық санатына қатысты.

Осыған байланысты, жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды тексеруіңізді сұраймыз және егер онда:

-  ЖСН көрсетілсе – құжатты ауыстыру қажет емес, себебі жеке куәлік, онда көрсетілген қолданылу мерзімінің аяғына дейін жарамды. Сонымен бірге, Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында ЖСН болуы мен дұрыс көрсетілуін тексеру қажет, соған байланысты ЖСН көрсетілген құжаттың көшірмесін ұсынуыңызды өтінеміз; 

- жеке басты куәландыратын құжатта ЖСН болмаған жағдайда, оны ауыстыру мақсатымен тұрғылықты жеріңіз бойынша әділет ограндарына (Халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгінуіңіз қажет. ЖСН көрсетілген құжаттың жаңа үлгісін алған бойда бұл өзгертулерді Қордың мәліметіне жеткізуіңізді өтінеміз.