Кері байланыс
Жаңалықтар
Қордың есеп беруі
[Banner 280x41 ]
Акционеры

Қор жаңалықтары

11 Қыркүйек 2008

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізді

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ) Алматы қаласы, Көктем-3 ықшам ауданы, 31-үй, мекен-жайдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғимаратында мынадай күн тәртібімен Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы Жиналысын өткізді:

18 Шiлде 2008

«ГНПФ» ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ 2008 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАРТЫ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) алғашқы жарты жылдық қорытындысы бойынша қазақстанның зейнетақы қызметтер нарығында өзінің сапалы қарыштап дамығанын көрсетті. Негізгі көрсеткіштері бойынша көшбасшылық бағыты және Қордың қызметтер сапасын көтеру жөніндегі мақсатты әрекеттері ГНПФ лайықты қаржылық нәтижелерін қамсыздандырды.

15 Шiлде 2008

Парламентте зейнетақы қорларының қызметтеріне қарасты мәселелер қаралды

Парламентте зейнетақы қорларының қызметтеріне қарасты мәселелер қаралды. Қаржылық қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова заңдағы зейнетақы қорларының акционерлер үлесі 25 пайыздан көп болу мүмкіндігін алып тастауды ұсынды.

1 Шiлде 2008

2008 жылғы 1 шілде. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ агенттік пунктінің салтанатты ашылуы болып өтті.

ГНПФ кезекті агенттік пунктін аша отырып, халыққа сапалы қызмет көрсету жөнінде өзінің көшбасшы екенін тағы да бір растады, сонымен, ГНПФ республикамыздың жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында өңірлік желілерін ең көп таратқан бірден бір қор болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірі бойынша 18 филиал және жаңадан ашылғалы отырғанды есепке алғанда 12 агенттік пункті қызмет етеді.

30 Маусым 2008

Өзін-өзі басқарушы

ГНПФ жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Бурабаевтың пікірі бойынша агрессивті қоржындарды басқару зейнетақы қорларына тәуекелді қаржы жұмсау есебінен жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Бірақ ЖЗҚ барлығы қатарынан тарығып жатыр деп ойлауға да болмайды деп атап өтті ол.

23 Маусым 2008

Зейнетақы жинақ ақшалары

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы жинақ ақшалары осы жылдың мамыр айы ішінде 3.5 пайызға ұлғайды деп хабарлайды қаржылық қадағалау жөніндегі мемлекеттік агенттік. Зейнетақы активтерін инвестициялаудан болған ГНПФ таза жиынтық инвестициялық кіріс сомасы 386 миллиард теңгені құрады. Сол кезде ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шотының саны төмендеп, кәсіби зейнетақы жарналары бойынша ұлғайды. Мамырда қор алушыларға жалпы сомасы 2.2 миллиард теңгеде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырды. 1 маусымдағы мәліметтер бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етіп жатты, олардың республика аудандарында 75 филиалы және 48 өкілдіктері бар.

11 Маусым 2008

Мәжіліс жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет мәселелері жөніндегі заңнамадағы түзетулерді мақұлдады

ҚР Мәжіліс Парламентінің кеңейтілген мәжілісінде «Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері жөніндегі ҚР бірнеше заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды дейді «Қазақпарат» тілшісі.

7 Мамыр 2008

«ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры ардагерлерді құттықтады

2008 жылғы 7 мамыр - «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады.
9-мамыр – ұрпақтарды біріктіретін ұлы жеңіс мейрамы, бұл мейрамды Ұлы Отан соғысына қатысушылар, олардың балалары, немерелері мен шөберелері ұлықтайды.

8 Сәуip 2008

«ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры өңірлік желілерін дамытады

2008 жылы 8 сәуірде «ГНПФ» өзінің өңірлік саясатын іске асыру аясында  Қарағанды облысы Абай қаласы, Карл Маркс, 7 мекен-жайда агенттік пунктін ашады.

30 Қаңтар 2008

«ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры 2007 жылғы қызметін қорытындылады

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) 2007 жылғы қорытындылар бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының, келіп түскен зейнетақы жарналарының және «таза» инвестициялық табысының көлемі жағынан зейнетақы қызметтері рыногындағы өзінің жетекші позицияларын сақтап қалды.

Барлық жаңалықтар